Аймақ

Шығыс Қазақстанда "Таза Қазақстан" жауапкершілігі талқыланды

"Таза Қазақстан – жастар таңдауы": Шығыс Қазақстанда жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігі талқыланды

1

Экологиялық мәдениет ауқымды акциялардан емес, адамның қоршаған ортаға деген күнделікті қарым-қатынасынан басталады. Туған қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бастамаларына қатысу – Шығыс Қазақстан облысында өткен «Таза Қазақстан – жастар таңдауы» кездесуінің негізгі тақырыптарына айналды.

1
Фото ШҚО әкімдігі

Meet Up форматында ұйымдастырылған кездесуге 100-ге жуық адам – студенттер, жастар ұйымдарының өкілдері және экологиялық бастамаларды қолдаушылар қатысты.

Кездесудің спикерлері қатарында Altay-pro туристік компаниясының директоры Вячеслав Орлов, «Cero» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ясса Танир және экобелсенді Нұрлат Ногайбаев болды.

1
Фото ШҚО әкімдігі

Олар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысуы жөніндегі өз тәжірибелерімен және көзқарастарымен бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, спикерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз