Шымбұлаққа апаратын жол уақытша жабылады
Алматыда 19–22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ бағытындағы жолдың бір бөлігі көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер үшін толық жабылады.
Бұған құрылыс жұмыстары себеп болған.
Шектеу "Горельник" визит-орталығы маңындағы жол учаскесіне қатысты енгізіледі. Осы күндері аталған аумақтан автокөліктердің де, жаяу жүргіншілердің де өтуіне рұқсат берілмейді.
Жүргізушілер мен Шымбұлаққа баруды жоспарлаған тұрғындарға сапар бағытын алдын ала ескеріп, уақытын соған сәйкес жоспарлаған жөн.