Аймақ

Шымкент қаласы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Шымкент қаласы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жаңа бастықты мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. Бұған дейінгі лауазымы — Ақмола облысы ПД бастығы.

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқарады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз