Қоғам

Шымкентте сүйіктісін пышақтап өлтірген 23 жастағы әйел 10 жылға сотталды

Шымкентте 25 жастағы әйел бірге тұрған ер адамын пышақтап өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

қылмыс

Сонымен қатар ол марқұмның ата-анасына 20 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Іс материалдарына сәйкес, жұп Самал-3 шағынауданындағы жалдамалы үйде тұрған. 20 мамыр күні олардың арасында өзара қызғаныштан жанжал туындаған.

Жанжал кезінде әйел асүй пышағын алып, ер адамның кеуде тұсына бір рет сұққан. Пышақ оның оң жақ өкпесі мен ірі қан тамырларын зақымдаған. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Әйел сол күні ұсталған. Сараптама нәтижесі бойынша, қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекетінің сипатын түсініп, оны басқара алған.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот әйелді қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталған әйелден марқұмның ата-анасының пайдасына 20 миллион теңге моральдық зиян өтемақысы өндіріледі.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз