Без Категории

Шымкенттегі сайлаушы: Фотоесеп бересіңдер деген соң түсірдім

9 маусымда таңертең Шымкенттегі №148-ші сайлау учаскесінде дауыс берген азаматтардың бірі, өзін №1-ші қалалық емхананың аға мейірбикесі ретінде таныстырған Бағила Сарбасова Азаттық тілшісінен дауыс беру сәтін смартфонына түсіруді өтінді.

Шымкенттегі сайлаушы: Фотоесеп бересіңдер деген соң түсірдім

"Бастығымыз фотоесеп бересіңдер деген соң түсіріп жатырмыз" деген азамат телефонына бюллетень тастаған сәтін түсіріп алды.

— Есеп үшін жіберу керек. Бізге кім-кімге дауыс беруді айтқан жоқ. Бірақ бастығымыз ұжымның сайлауға кім-кімнің барғанын білгісі келеді, — деді ол Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін әлеуметтік желіде кейбір азаматтардың "сайлау күні фотоесеп беру" жайлы міндеттелгені туралы жазбалар шыққан.

Азаттық тілшілері 9 маусымда таңертең сайлаушылардың екі бюллетеньді қатарынан салап жатқанына куә болды. Шымкенттегі Азаттық тілшісі жәшікте бес бюллетеннің бірге бүктеліп жатқанын да көрді. Бұған дейін өзге де бақылаушылар заңбұзушылықтар тіркегенін хабарлаған.

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Елде 9 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз