Аймақ

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам: Қызылорда облысы қалай үлгі көрсетуде?

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына үлкен кедергі келтіретін теріс құбылыс.

1

 Бұл мәселеге қарсы күресу үшін барлығымыз бірігіп, жауапкершілікпен әрекет етуіміз қажет. Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірнеше нақты әрі тиімді қадамдар жасауда.

Адалдықты мектептен бастаймыз

Мәселен, Қызылорда мектептері мен университеттерінде адалдық пен әділдікке үйрететін арнайы сабақтар өткізіледі. Мұнда жастарға сыбайлас жемқорлықтың зияны түсіндіріліп, парасаттылық құндылықтары насихатталады. Бұл – өскелен ұрпақтың саналы әрі әділетті болуы үшін маңызды қадам.

Халық пен биліктің бірігуі

Облыста «Әділетті Қазақстан: Заң үстемдігі және жемқорлықсыз қоғам» атты форумдар тұрақты түрде өткізіледі. Бұл шараларға халықтың түрлі өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлестерін қосады. Жастар волонтерлік қозғалыстарға қосылып, адалдық мәдениетін таратуда белсенділік танытуда.

Ақпараттық технологиялардың көмегі көп

Бүгінгі таңда жемқорлықты азайтуда цифрландыру маңызды рөл атқарады. Облыста мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл тәсіл азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы тікелей байланысты азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Ашықтық – басты қағида

Қоғамдық бақылау жүйесі арқылы тұрғындар мемлекеттік органдардың жұмысына өз пікірін білдіре алады. Арнайы платформалар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерді хабарлау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл бастамалар халықтың сенімін арттырады.

Дегенмен, жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту үшін, мектептерде адалдық мәдениетін тереңдетіп оқытуды, жемқорлық қаупі жоғары салаларды толық цифрландыруды, халық пен билік арасындағы ашық диалогты дамыту қажеттілігін ұсынамын.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір адамның үлесі маңызды. Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстар – қоғамның парасатты болашаққа деген сенімді қадамдары. Адалдықты насихаттап, әділетті қоғам құруды әркім өзінен бастап, ортақ міндетке айналдырса, Жаңа Қазақстанның болашағы жемқорлықсыз қоғамға айналары кәдік.

Нұрбек Дәуренбеков,

Қызылорда

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз