Без Категории

СІМ: Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

СІМ: Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

24 қаңтарда Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында қатты жер сілкініп, кемінде 18 адам қаза болды, жүздеген адам жарақаттанды. Түркияның төтенше жағдай агенттігінің хабарлауынша, 6,8 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентр ошағы Сивридж қаласына жақын маңда орналасқан. Элязыг қана емес, көрші провинцияларда, Иран, Сирия, Ливанда жер тербелісі сезілген.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ауданға құтқарушылар тобын жібергенін айтты. Қираған үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Сойлу 533 адамның жарақаттанғанын айтты.

Түркия сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. 1999 жылы Түркияның батысындағы Измит қаласында күшті жер сілкінісі болып, 17 мыңнан астам адам қаза болған, шамамен 500 мың адам баспанасыз қалған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз