Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:35, 14 Мамыр 2024

Сыр еліндегі «Мөлдір бұлақ»

Таза Қазақстан
Фото: из открытых источников

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде

«Мөлдір бұлақ» апталығы қорытындыланды.

Жалпы акцияның мақсаты – табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру. Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен-көл жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды.

«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында 20 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, тұрғындар қатысып, барлығы 245 техника жұмылдырылды.

Тазалық апталығы аясында облыстағы «Сырдария» өзенінің жағалауы, «Аққұмшық» жағажайы, «Кәрібөгет» көпірі, «Лайкөл», «Қамбаш», «Жалаңаш», «Шөмішкөл», «Райым», «Тұщы», «Иіркөл», «Қараөзек», «Әлімкөл», «Жаманкөл» көлдерінің және «Қалғандария», «Елтай», «Шіркейлі» су арналарының жағалаулары қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Жалпы экоакция апталығы аясында су айдындары мен аяқсу арықтарынан 40 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Еске сала кетсек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс көлемінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр.

Облыс көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес, аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.

Нұрбек Дәуренбеков

Қызылорда облысы