Оқиғалар

Сырымбек Тау: Қазақстанның болашағын бұлыңғыр елестетпеуіміз керек

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Қазақстанның болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарауға шақырды.

Сырымбек Тау

Оның пікірінше, елдің алдағы онжылдықтарда қандай мемлекетке айналатыны әр азаматтың бүгінгі ісіне байланысты.

Кәсіпкер бұл туралы президенттің ұстаздармен кездесуінде айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді.

«Бүгін Президентіміздің ұстаздарды қабылдаған кезде айтқан сөзін оқыдым. Мемлекет басшысы болашақты бұлыңғыр етіп елестетпеуге үндеді. Меніңше, біз де Қазақстанның келешегін бұлыңғыр ойламауымыз керек», – деді ол.

Сырымбек Таудың айтуынша, елдің дамуы тек мемлекетке немесе билікке байланысты емес, оған қоғамның әр мүшесі өз үлесін қосуы қажет.

«Егер өркениетті, бүгінгіден де жақсы Қазақстанды көргіміз келсе, әрқайсымыз елге пайдамызды тигізуіміз қажет. 2030, 2035, 2040 немесе 2070-2080 жылдары біздің ұрпағымыз жақсы Қазақстанда өмір сүрсін десек, оған бүгіннен бастап әрбіріміз үлес қосуымыз керек», – деді кәсіпкер.

Оның пікірінше, Қазақстанның келешегіне қатысты оптимизм нақты әрекетпен ұштасуы тиіс. Яғни болашақтағы өзгерісті күтумен шектелмей, әр азамат өз саласында елдің дамуына үлес қосуы қажет.

Тегтер: Сырымбек Тау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз