Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:20, 23 Мамыр 2024

СҚО-да бес мектептің оқушылары емтиханнан босатылды

а
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты бес мектептің оқушысы - 754 бала барлық емтихандардан босатылды.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Петропавл қаласындағы №12,13,14 орта мектептері және Қызылжар ауданындағы Озерный мен Большая Малышка ауылдарындағы білім ордаларының оқушылары емтихандардан босатылған.

«Білім сапасы бірінші орында тұр. Сондықтан мамырдың 27 мен 31 аралығында және тамыздың 26 мен 30 аралығында жазғы мектеп жұмыс істейтін болады. Онда 1-8 және10 сынып оқушылары өткен тақырыптарды қайталайды. Жазғы мектептер облыстың 422 білім ордасында ұйымдастырылып, 21 мыңнан астам оқушыны қамтымақ», – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова.

СҚО-да биыл 9-сыныпты 7 мыңға жуық бала бітіреді. Ал 11-сыныпты 3,3 мың оқушы тәмамдамақ.

Облыста 11-сынып түлектерінің 85-і «Алтын белгіге» үміткер. Ал ерекше үлгідегі аттестатқа 11-сыныптың 177 және 9-сыныптың 382-і оқушысы қол жеткізуі мүмкін.

«Мектеп бітіру, сынып сағаттары, аттестаттарды тапсыру іс-шараларын ұйымдастыру кезінде педагогикалық әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, мерекелік іс-шаралар агенттіктерін, жеке студияларды тартуға, авто және лимузиндерді жалға алуға қаражат жинауға жол берілмейтінін атап өткім келеді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар жинауға тыйым салынады», - дейді Татьяна Протопопова.

Аттестаттар маусымның 12 мен 15 аралығында мектептерде табысталмақ.

Фото: pixabay

Тегтер: