Оқиғалар

СҚО-да картоп қазғысы келмеген ер адам анасын өлтірген

Солтүстік Қазақстан облысының Благовещенка ауылында 89 жастағы әйелдің мәйіті өз үйінің бақшасынан табылды.

Қылмыс

Оқиға 2 қыркүйекте болған.Алдын ала мәлімет бойынша, егде жастағы әйел бақшада картоп қазып жүрген. Ол ұлын көмекке шақырған. Алайда 66 жастағы ер адам жұмыс істегісі келмеген. Осыдан кейін анасы мен баласының арасында жанжал шыққан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал кезінде ер адам анасын балтамен ұрып, өлімге әкелген жарақат салған.

Көп ұзамай полиция 66 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз