СҚО-да тұрмыстық жанжал кезінде зейнеткер әйел қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды.
Есіл ауданында 31 жастағы ер адам жанжал кезінде 74 жастағы әйелге пышақ жарақатын салып, зейнеткер оқиға орнында көз жұмды.
Полицияның мәліметінше, күдікті қылмыс жасағаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
– Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмыстың себептерін анықтау бағытында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.