Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:54

«Құқық тәртібі әліпбиі»: Қарағанды облысында әділет департаменті қоғам үшін есік ашты

К
Фото: Қарағанды әкімдігі

Әділет департаменті құқықтық жүйенің қалай жұмыс істейтінін көргісі келетіндер үшін есігін ашты. 

Қарағанды облысында «Құқық тәртібі әліпбиі» акциясы аясында қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, студенттермен және блогерлермен ашық кездесу өтті. Қатысушыларға әділет органдары жұмысының негізгі бағыттары – атқарушылық іс жүргізуден бастап азаматтардың күнделікті пайдалана алатын цифрлық платформаларға дейін көрсетілді.

Іс-шара облыс прокуратурасы жанындағы Жобалық кеңсенің қолдауымен «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды.

– «Заң және тәртіп» идеологемасы Мемлекет басшысы бекіткен ішкі саясат тұжырымдамасының негізін қалады. Заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғамның бiрлескен жұмысын талап ететiн жалпы мiндет. Біз үшін жобаға қоғам өкілдерінің қатысуы маңызды. Мұндай кездесулер әділет органдарының нақты жұмысын көрсетіп, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына ықпал етеді, – деп атап өтті Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Данияр Байділдин.

Кіріспе бөлімнен кейін қатысушылар бейінді алаңдарға шықты. 

Олар Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамасы институтында болып, атқарушылық іс жүргізу жүйесінің жұмысымен танысты, борышкерлердің мекен-жайына шығуға және полициямен бірлесіп іздестіруге жарияланған көлік құралдарын анықтау және ұстау бойынша рейдтерге қатысты. 

Сонымен қатар, қонақтарға электронды сервистер қалай жұмыс істейтіні, атқарушылық іс жүргізу жүргізіліп жатқаны және қандай құралдар онлайн режимінде қолжетімді екені көрсетілді. Бұдан басқа, сандық сервистермен – электрондық нотариатпен және мемлекеттік деректер базасымен таныстырды. Олардың қатарында «Е-Заң көмегі», «Е-Апостиль», БНАЖ және «ААЖ ОИП» бар. Мамандар бұл жүйелердің тәжірибеде қалай қолданылатынын және ведомстволарға бармай-ақ қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін көрсетті.