Без Категории

Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды

Солтүстік Корея билігі су асты кемесінен баллистикалық зымыранды сәтті ұшырғанын хабарлады.

Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды

Соңғы екі күнде осымен екі ядролық сынақ жүргізілді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыранды ұшыру сәтін бақылап тұрды.

Солтүстік Корея 3 қазанда таңертең 2016 жылы шығарған үшінші буынға тиесілі баллистикалық зымыранды сынады. Оны ғалымдар әлі де жетілдіріп жатыр. Бұған дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның әрекетін сынап, өзге елдерге қауіп төндірді деп айыптаған.

АҚШ және Солтүстік Кореяның келіссөз жүргізетіні белгілі болғаннан кейін зымырандар ұшырылды. Вашингон мен Пхеньян 5 қазанда кездесу өткізеді. Бұдан бұрын Вашингтон егер Пхеньян ядролық сынақты тоқтатса, санкция күшін әлсіретуге уәде берген.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз