Аймақ

Солтүстік Қазақстандағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында жазылған.

Солтүстік Қазақстандағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

— Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы  4 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отыра Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қаулы шығарып, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешім қабылдады:

Айыртау ауданының:

  • Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
  • Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына — Баянтай атауы беріледі.

Шал ақын ауданының:

  • Кривощеков ауылдық округіне — Арай;
  • Кривощеково ауылына — Арай ауылы атауы берілмек.

Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз