Қоғам

Солтүстік Қазақстанда ұлы әкесін ұрып, видеоға түсірген

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылында өз әкесіне қатысты қатыгез әрекет тіркелді.

Әкесін ұрған

Әлеуметтік желілерде тараған видеода жас жігіттің қарт әкесіне боқтық сөз айтып, оны ұрып-соққаны көрінеді. Ол бұл әрекеттерін өзі телефонға түсіріп, кейін видео желіге жарияланған. Оқиға жұрт арасында кең тарағаннан кейін күдіктінің жеке тұлғасы анықталды.

Алайда жәбірленуші, яғни әкесі, ұлына кешірім беріп, полицияға арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан құқық қорғау органдары іс қозғап, материалдарды сотқа жолдады.

«Шал ақын ауданының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп, 22 жастағы жігітті анықтады. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады СҚО ПД ақпарат саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз