11:08, 13 Қараша 2024
Солтүстік Қазақстанда үй мен гараж өртеніп кетті
Солтүстік Қазақстан облысында жеке сектордағы тұрғын үй мен автокөлік бар гаражы өртеніп кетті.
Түнде 112 -ге Есіл ауданы Бесқұдық ауылында жеке секторда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бригадалар жөнелтіліп, жеке тұрғын үйдің, қосалқы ғимараттың, гараж мен автокөліктің аумағын шарпыған өртті анықтады.
140 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапқан болатын.
Айта кетейік, қараша айында Оралдағы азық-түлік дүкендерінің бірінде өрт болды. Құтқарушылар 20 шақты адамды эвакуациялады.