Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа 12 мың әскер жіберді - Reuters
Оңтүстік Кореяның барлау агенттігі Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа қатысу үшін 12 мың әскер жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады Reuters Оңтүстік Кореяның Йонхап ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл жұма күні негізгі барлау, әскери және ұлттық қауіпсіздік шенеуніктерімен жоспардан тыс қауіпсіздік кеңесін өткізіп, Солтүстік Корея әскерлерінің Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысуын талқылады.
«Отырысқа қатысушылар Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы тығыз байланыс әскери жүктерді тасымалдау шеңберінен шығып кеткен қазіргі жағдай тек біздің елге ғана емес, халықаралық қауымдастыққа да үлкен қауіп төндіреді деген пікірмен бөлісті», - делінген Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігінің хабарламасында.
Әлемдік агенттіктердің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Кореядан келген 1500 сарбаз қазірдің өзінде Қиыр Шығыстағы Ресей полигондарында жүргенін, сол жерден Украинаға баруы мүмкін деп мәлімдейді.
Оңтүстік Кореяның барлау қызметінің мәліметінше, Солтүстік Корея әскерилеріне ресейлік киімдер мен жалған ресейлік құжаттар берілген.
Кремль Оңтүстік Кореяның Солтүстік Корея Украинамен соғысында Ресейге көмектесу үшін әскер жіберген болуы мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығарады.