Саясат

Тағы да Қытайға қарыздану: Сенат бекітті, Тоқаев не дейді?

Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд 62 млн юань (113млрд теңге) қарыз алмақ. Бұл туралы бұған дейін де айтылған.

Тағы да Қытайға қарыздану: Сенат бекітті, Тоқаев не дейді?

Бұл жобаны сенат 10-сәуірдератификациялады. Енді Мемлекет басшысының қол қоюы ғана қалды.

Президент қолқойса, Қытайдың Эксим банкі Қазақстанға жылдық мөлшерлемесі 2 пайызды құрайтынқаржыны 20 жылға несиеге береді. Мұның ішінде алғашқы 5 жылы жеңілдік есебінде,яғни, тек жылдық пайызын ғана төлеп отырады.

Бұл қомақты сомақазақ-өзбек шекарасындағы өткізу пунктін жетілдіру үшін жұмсалатын көрінеді. Тоғызавтокөлік және бір теміржол өткізу пункті жөнделіп, техникалық жабдықтау  жүргізілмек.

ҚР ҚМ Мемлекеттіккірістер комитеті басқармасының басшысы Қайрат МАУБАЕВ бұл жобаның тағы біржеңілдігі бар екенін айтып:

«Біздің қарызбойынша алып жатқан зайым бойынша Қытай компаниясы 5 жылдың ішінде сервистікқызметті тегін өтеп беруге келісіп отыр. Біз мысалы, осы реконструкцияарқасында қосымша кедендік салықтар мен төлемдерді жылына 300 мрд-қа дейінкөтереміз», — деп мәлімдеген болатын.

Қарызға жасалыпжатқан кедендік өту бекеті биыл жыл соңында басталып, 2022 жылы аяқталады.Құрылысқа қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ететін компания дақытайлық. Nuctech компаниясының жабдықтарын жеткізу де осы несиеніңкелісім-шартына кіреді.

«Бұл әлемдіктанымал компания өзінің жабдықтарын 122 елге жеткізіп беріп отыр. Олардыңкедендік қызмет саласындағы жабдықтары сапа жағынан америкалық, еуропалықаналогтардан кем емес, ал баға бойынша арзан. Біздің таңдауымыздың себебі осы.Орнату және техникалық қолдауды кредитор өз мойнына алады», — деген болатын Қаржыминистрі Әлихан Смайылов.

Смайылов сондай-ақ,бұған дейін Қазақстан үкіметі Қытайға қарыз емес екенін мәлімдеген. Оныңайтуынша, бұған дейінгі қарыздарды мемлекет емес, жекелеген компаниялар алған.Әрине, Қаржы министрлігінің кепілдігімен. Және ол қарыздар Астанаға бағытталғанжолдарды жасауға алынған кредиттер екен.

Фото:  inform.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз