Таиландтан Қазақстаннан есірткі тасымалдаған ер адам 16 жылға сотталды
Алматыда алқабилердің қатысуімен өткен сот халықаралық пошта арқылы Таиландтан есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған азаматқа қатысты үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.
Тергеу барысында сотталушының гашиш майын халықаралық сәлемдемелердің ішіне жасырып, Қазақстанға заңсыз әкелуді ұйымдастырғаны анықталды. Заңсыз жүктер ештеңеден күмәнданбаған туыстары мен таныстарының атына рәсімделген пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізіліп отырған.
Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше әрекетінің жолын кесіп, жалпы салмағы 5,7 келіден асатын каннабис сығындысын тәркіледі. Сонымен қатар күдіктіден өткізуге дайындалған есірткі заттары мен заңсыз сақталған оқ-дәрілер табылған.
Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.