Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 23 Тамыз 2024

​​«Талибан» үкіметі әйелдерге қоғамдық орындарда дауыстап сөйлеуге тыйым салатын заңды бекітті

с
Фото: vlast.kz

Ауғанстанда ​​«Талибан» үкіметі әйелдерге хиджабсыз көшеге шығуға, сондай-ақ қоғамдық орындарда дауыстап сөйлеуге тыйым салатын заңды бекітті. Құжатты Ислам әмірлігінің басшылығы мақұлдап, ол заңды күшіне енді, деп хабарлайды ToloNews.

Бұл ережелер жинағын ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі әзірледі. Ал құжаттың атауы - "Қасиеттер мен ізгілік туралы заңдардың декларациясы" деп аталады.

Бұл бірегей мінез-құлық кодексі 35 баптан тұратын 114 беттен тұрады. Онда ел өмірінің сан алуан аспектілерін қамтиды: ерлер мен әйелдердің сыртқы келбеті, музыка, қоғамдық көлік, мерекелер.

13-бап ауған әйелдеріне арналған, бұл нормада "бетін және денесін еркектерден толығымен жабу әйелдің міндеті" деп бекітілген.

Сондай-ақ оларға жұқа, тар немесе қысқа киім киюге тыйым салынады. Талибан шенеуніктерінің пікірінше, міндетті түрде хиджаб кию «басқаларды азғырудан қорықпау» үшін қажет.

Дәл осы себепті әйелдерге қоғамдық орындарда дауыстап сөйлеуге: ән айтуға, дауыстап оқуға заңды түрде тыйым салынды. Заңда әйел дауысы жарқын және еліктіретін, оны бейтаныс адамдар естімеу керек деп жазылған.

Сонымен қатар, жүргізушілерге ересек әйелді қамқор ер адамынсыз тасымалдауға болмайды деп көрсетілген.

«Біз әрқашан олар [Талибан] қалағандай болдық, бірақ олардың тыйымдары күн сайын күшейіп келеді. Олар өз шешімін қайта қарайды деп үміттенеміз», - деп келтіреді ToloNews әйелдер құқығын қорғаушы Тасфир Сияхпоштың сөзін.

Құжатта ерлердің сыртқы келбеті де реттеледі, бұл туралы 22-бапта айтылған. Осылайша, ауғандықтар галстук тағуға, қыруға, сақалын жұдырықтан қысқа етіп қысқартуға немесе шариғатқа қайшы келетін шаш қиюға болмайды.

17-бап бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты – олардың мазмұны шариғат пен ислам нормаларына қайшы келмеуі керек. Сондықтан БАҚ мұсылмандарды қорлауға, тірі жандардың бейнесін көрсетуге болмайды.

Құжатты әзірлеген департамент өкілі Маулви Абдул Гафар Фарук: «Бұл ислам заңы ізгілікті насихаттауда және жамандықты жоюда үлкен көмек болады деп сендіреміз», - деп түйіндеді.

Айта кетейік, 2021 жылы билікке келген Талибан билігі бірден діни нормаларға сәйкес мінез-құлық ережелерін енгізе бастады. Мысалы, әйелдерге қатысты қатаң шектеулер болды. Негізі, қоғамдық орындарда міндетті түрде хиджаб киюдің дәл осындай ережесі екі жылдан астам уақыттан бері қолданыста болса, қазір ол заңнамалық деңгейде бекітілді.