Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 25 Қаңтар 2024

Тапсырыспен өлтірген: Бақтыбаевтың ісі бойынша күдіктілерге үкім шықты

Гала Бақтыбаев
Фото: из открытых источников

Қарағанды облысының төрт тұрғыны белсенді Ғалы Бақтыбаевты өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ұлытау облысы Атасу кентінде 2019 жылы оқ тиіп қаза болған белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты сот аяқталып, төрт күдікті сотталды. 24 қаңтарда Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында үкім оқылды. Іс мамырдан бері Көкшетауда қаралып келген. Қылмыстық оқиға бұдан 5 жыл бұрын болса да, сот екі рет айыпталушы тарапты ақтаған. 

Сот "Бақтыбаевты өлтіруге берілген тапсырысты орындады" деп айыпталған Иман Мияшовты 16 жылға, ал "Бақтыбавты өлтіруге және соғуға тапсырыс берді" деп айыпталған экс-полицей Ғалым Ахмеджанов пен кәсіпкер Азамат Бөкенаев 15 жарым жылға сотталды. Олар 2022 жылы сотта екеуі ақталып шыққан. Тағы бір айыпталушы Елдар Жакен "Бақтыбаевты ұруға қатысты" деген айыппен үш жылға сотталды.

Соңғы үкім бойынша алқабилер істі қайта қарап, сотталушылардың төртеуі де кінәлі деген шешім шығарды. Ұйымдастырушылар – Ғалым Ахмеджанов пен Азамат Бөкенбаев 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Орындаушы Иман Мияшов қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі, 107-бөлігі 2-бөлігі, 4-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармағы, 106-бабы 1-бөлігі, 287-бабы 2-бөлігі бойынша 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Эльдар Жәкен үкім бойынша темір тордың артында 3 жыл өткізуі тиіс еді, бірақ ол жаза мерзімі өтіп кеткендіктен босатылды.

Ғалы Бақтыбаев Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы жемқорлықты зерттеумен танылған. Оның өлімі қоғамда қызу талқыланған. 2019 жылы 28 мамырда 59 жастағы Бақтыбаевты өз үйінің табалдырығында, әйелінің көзінше атып кеткен.