Әлеумет

Таразда 15 жастағы жасөспірім жол апатын жасап, досының өліміне себепкер болды

Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім жол апатын жасап, досының өліміне себепкер болды.

Е

Жасөспірім түнде әкесінің көлігімен екі досын ертіп шығып, жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Оқиға орнында оның бір досы қаза тапты. Екінші жасөспірімге ота жасау қажет болған. Ал кәмелетке толмаған жүргізуші жеңіл жарақатпен құтылған.

Жол апаты түнгі сағат үш шамасында қаладағы орталық даңғылдардың бірінде болған. Көліктегі жасөспірімдерді полиция қызметкерлері байқап қалған. Олар тоқтауды талап еткен, алайда 15 жастағы жүргізуші қашуға әрекеттенген. Соның салдарынан Audi көлігі жол шетіне шығып кетіп, электр бағанасына соғылған.

Соққы алдыңғы орындықта отырған жасөспірім үшін өлімге әкелді. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, кәмелетке толмаған жүргізуші көлікті әкесінен рұқсатсыз алып кеткен. Енді болған жағдай үшін оның әкесі де жауапқа тартылуы мүмкін.

«Қылмыстық іс аясында көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға басқаруға берген көлік иесінің жауапкершілігі қаралады. Сонымен қатар ата-аналар бала тәрбиесі мен оны бақылау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады», – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз