Аймақ

Таза болашақ – бүгіннен басталады: Қарағанды облысының ЖРО мамандары оқушыларға экодәріс өткізді

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарағанды облысының ЖРО өкілдері мектеп оқушыларына арналған танымдық экологиялық дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікті арттыру, аумақтарды көгалдандыру және өңір тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

1

Кездесуге Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Дәріс барысында мамандар табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын, табиғи ресурстарды пайдаланудағы жауапкершілікті түсіндіріп, сондай-ақ тұтынуды оңтайландыру мен қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеу бойынша практикалық кеңестер берді.

1
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясының ел аумағын толық қамтитынын атап өтті.

«Экологиялық мәдениет қарапайым, бірақ саналы әрекеттерден басталады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу — әр азаматтың еліміздің орнықты болашағына қосқан жеке үлесі», — деді іс-шара ұйымдастырушылары.

Мұндай бастамалар жастардың қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасын қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымның нығаюына ықпал етеді.

Оқыңыз