Аймақ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жезқазған қаласында 100 тал ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» апталығы аясында Жезқазған қаласында 2024 жылдың 24 сәуірінде 100 тал ағаш отырғызылды.

1

Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көшет егу науқанына «Наурыз» саябағында «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қатысты.

Мақсат - қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру.

1

Ұлттық волонтерлар желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай тұрғындарды акцияға атсалысуға шақырды.

«Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін!»,-  деді Дарын Төлеубай.

1

Атап өтейік, 27 сәуір қала бойынша 9000-дай түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз