Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:55, 26 Сәуір 2024

"Таза Қазақстан": ҚХА Қарағанды облысының өкілдері қаланы көгалдандыруға өз үлесін қосты

1

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы өкілдері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын қолдады.

"Жасыл аймақ" апталығы аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері кәсіпкерлермен, еріктілермен бірге Әлихан Бөкейхан атындағы ауданға бал өсімдіктерін екті.

1

"Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті нығайту", – деп атап өтті Қарағанды облысының ҚХА.

1

Көгілдір тоғандардағы аллеялардың біріне 50 қараған бұталары мен бес шырша отырғызылды.

– Біз сары қарағанды бекерден таңдаған жоқпыз. Бұл бал өсімдігі әдемі, оның үстіне өте қарапайым, құрғақшылыққа төзімді, топырақты азотпен байытады, – деп атап өтті ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Дия Ержанова.

1

Көшеттер егуге жергілікті тұрғындар да қосылды, олар бұл аллеяда балалармен жиі серуендейтінін айтады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, биыл Әлихан Бөкейхан атындағы ауданға 10 мыңға жуық жасыл желек егу көзделіп отыр.