Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара ашылады

Шекара қарулы қақтығыстар басталған 2021 жылдың мамыр айынан бері жабық. Қазір екі ел шекараны толығымен делимитациялады.
Тәжік-қырғыз шекарасы 13 наурызда ашылады. Екі жақтағы шекара өткелдерінің ресми ашылуына үкіметтің жоғары лауазымды тұлғалары қатысады. Бұл туралы Asia-Plus хабарлады.
12 наурызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екі күндік мемлекеттік сапармен Қырғызстанға аттанды. Келіссөздер барысында Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың түрлі аспектілері, сондай-ақ тараптарды қызықтыратын басқа да мәселелер талқыланып,. кездесу соңында екі ел президенттері екіжақты келісімдер пакетіне қол қоюы жоспарланған.
Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 2021 жылдың мамыр айынан бері жабық. Себебі сәуір айында екі елдің әскерилері бір-біріне оқ атып, ондаған адам қаза тапты. Сол кезде Бішкек шекара толық делимитацияланғаннан кейін ашылатынын мәлімдеген.
Екі ел арасында 2022-2024 жылдар аралығында шекараны делимитациялау мәселелері бойынша ондаған кездесулер өтті. Тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыс топтарының отырыстары Тәжікстан мен Қырғызстанда кезектесіп өтті.
2024 жылдың желтоқсан айында тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі делегация мемлекеттік шекара учаскелерін сипаттау толығымен аяқталғанын хабарлады.
21 ақпанда Бішкекте Тәжікстан мен Қырғызстан екі мемлекет арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау туралы құжат жобасына қол қойды.