Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:49, 27 Ақпан 2024

The New York Times Германияның Навальныйды Красиковқа айырбастау туралы өтінішін растады

Навальный
Фото: из открытых источников

The New York Times хабарлауынша, Германия АҚШ-тан Ресей азаматы Вадим Красиковты босатуды қарастыратын тұтқын айырбастау туралы кез келген келіссөзге Алексей Навальныйды қосуды сұраған.

Красиковты Навальныйға, Wall Street Journal тілшісі Эван Гершковичке және Ресей «тыңшылық жасады» деп соттаған АҚШ азаматы Пол Уиланға айырбастауы мүмкін болғаны хабарланды. Газет Навальный көз жұмған соң Берлин «мемлекет жіберген кісі өлтірушіні айырбастауға лайықты үміткерлер көрмейді» деп жазды.

Красиков Германияда ұлты шешен Зелимхан Хангошвилиді өлтіргені үшін өмір бойына сотталған. Сот оны Мәскеу тапсырмасын орындады деп есептеген. Оны Навальныйға айырбастауы мүмкін болғанын ақпан айының ортасында, саясаткердің қазасынан соң журналист Юлия Латынина мен немістің Bild басылымы хабарлады. 26 ақпанда бұл ақпаратты Навальныйдың жақтасы Мария Певчих растады.

Германия үкіметі бұл жаңалыққа ресми түрде түсініктеме бермеді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков FT-ге жауабында Навальныйды айырбастау туралы келіссөзге қатысты ақпарат жоқ екенін айтты.