Әлеумет

Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне арнайы хат жолдады

Мемлекет басшысы өз хатында Таяу Шығыста қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты БАӘ-ге тілек білдіріп, қолдауын жеткізген.

Тоқаев

Сонымен қатар ол шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның дана әрі көреген саясатының арқасында ел барлық қиындықтарды еңсеріп, стратегиялық даму бағытын сақтайтынына сенім білдірді.

Президент дипломатия мен сындарлы диалогтың ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі кепілі екенін ерекше атап өтті.

Бұл хат Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сенімнің жоғары деңгейін, стратегиялық серіктестікті және екі ел халықтарының бауырластық байланысын айқындай түседі.

Тегтер: Тоқаев
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз