Тоқаев Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгізетін заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.
Заңның толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланады.