Тоқаев Қырғызстанға Орталық Азия елдері мен Әзербайжан басшыларының кездесуіне барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына келді.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымәлиев қарсы алды.
Курорттық қалада өтетін кездесуге Орталық Азия елдерінің және Әзербайжанның көшбасшылары қатысады. Алдағы келіссөздердің күн тәртібі мен егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.