12:27, 08 Шілде 2024
Тоқаев Түркі мемлекеттері арасында ортақ патент ұйымын құруды ұсынды
Түркі мемлекеттері арасында ортақ патент ұйымы құрылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде мәлімдеді.
Ол түркі мемлекеттерінің экономикасын дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.
– Экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қаржы саласындағы байланысты нығайта түсу керек. Осы ретте Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет. Мен, сондай-ақ, Жалпытүркі патент ұйымын құруды ұсынамын. Биыл Түркі инвестициялық қоры Басқарушылар кеңесінің ұлықтау рәсімі өтті. Оның қызметі экономика және қаржы-инвестиция саласын дамытуға оң әсер етеді деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.