Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:12, 19 Наурыз 2024

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Назарбаевты қорғау міндетін алып тастады

Назарбаев
Фото: из открытых источников

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Өзгеріске сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қорғау ҰҚК-нің міндеттерінен алынып тасталды.

Алайда, ҰҚК міндетіне бірқатар функциялар қосылып, жаңа өкілеттіктер берілді. Атап айтқанда, ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды, арнайы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнаулы телекоммуникация желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпаратты техникалық жолмен қорғау құралдарын әзірлеу, оларға арналған бағдарламаларды қамтамасыз етуді, қару-жарақ пен техниканы, шифрлау және дешифрлеу жұмыстарын ұйымдастыру;

Одан бөлек:

ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін арнайы тексеруден өткізу;

штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде тартуға;

арнаулы мемлекеттік мұрағатты құру және пайдалану;

шекара өкілдерінің қызметін ұйымдастыру және басқару;

мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа міндеттерінің қатарында: жарияланған ескертулердің есебін жүргізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарында жеке құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына да жаңа өкілеттіктер қосылды. Енді ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары үшін азық-түлік нормасы, оларды жоғарылату, қызмет кезінде қайтыс болған жағдайда жерлеу, сондай-ақ қызметкерлерді арнайы тексеруден өткізу тәртібін айқындайды.

Айта кетейік, Президенттің тиісті жарлығының дайындалғаны өткен жылдың күзінде белгілі болды. Жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінен бұрынғы жоғары мемлекеттік қызметтегі Нұрсұлтан Назарбаевтан Елбасы мәртебесін алды. Сонымен қатар оған және оның отбасына қатысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» заңында көзделген барлық артықшылықтардан айыратын заңға қол қойды. Осыдан кейін Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеден тұңғыш президентті қорғау туралы жеке тармақ алынып тасталды.

Фото: egemen.kz