Без Категории

Тоқаев Абайдың мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт 30 мамырда ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды.

Тоқаев Абайдың мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мерейтойды ұйымдастыру жауапкершілігі президент әкімшілігіне жүктелген.

Жарлықта Тоқаев 1 шілдеге дейін мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін жаңғыртуды, Абайдың мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді, ақын еңбектерін шет тілдерге сапалы аудару сияқты шараларды іске асыруды тапсырады.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы әрі классигі. Ол — жүздеген өлең, поэма мен аударманың, философиялық трактаттар стилінде жазылған "Қара сөздердің" авторы.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз