Без Категории

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойып, кеңес құрамын жариялады.

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын жариялады

Кеңесті Тоқаевтың өзі басқарады. Кеңес құрамына президент әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев, президент кеңесшісі Ерлан Қарин, адвокат Айман Омарова, қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Расул Жұмалы, режиссер Ермек Тұрсынов, BTS Digital білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек, биылғы президент сайлауында кандидат болған Дания Еспаева, Төлеутай Рақымбеков пен Жамбыл Ахметбеков, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы Бақытжан Бұқарбай, "Альтернатива" зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев және тағы ондаған адам кірген. Кеңес құрамында барлығы 44 адам бар.

Кеңес мемлекеттік бағдарламалар мен заңдар жобаларына қоғамдық сараптама жүргізіп; жұрт пікірін ескеріп, стратегиялық мәселелерді қарап; халық, саяси партиялар және билік арасында диалог жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Жоспар бойынша, кеңестің алғашқы отырысы тамызда өтуі тиіс. Ал жарлыққа сай, кеңестің жиыны жылына үш реттен артық өтпейді.

Президент кеңесшісі Ерлан Қариннің Tengrinews.kz сайтына кеңес мүшелері жалақы алмайтынын айтқан.

Қазақстанда көктемнен бері билікке қарсы наразылық шаралары көбейді. Наразылар биліктен жүйені өзгертуді және әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етіп келеді. 9 маусымда Қазақстан президенті сайлау күні елдің бірнеше қаласында халық сайлауға және билікке қарсы наразылыққа шыққан. Осы күні полиция мыңдаған адамды күштеп ұстаған.

Кейін сайлауда 70 пайыздан артық дауыспен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев "халықтың жағдайы нашарлап кеткен соң наразылық көбейгенін, саяси өзгеріс болмаса елдің жағдайы жақсармайтынын" айтқан. Нарызылық көбейген соң Тоқаев билік пен халықтың арасында диалог орнататын қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Ақорда қоғаммен диалог орната ала ма?

Бірақ кейбір сарапшылар Тоқаевтың кеңес құру идеясынсынаған. Олар "бұл кеңес мәжіліс депутаттары мен ақпарат және қоғамдық даму министрінің жұмысын қайталайды" деген.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қажет пе?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қажет пе? please wait Embed Бөлісіңіз
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қажет пе?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30005979.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00 Жүктеп алу

​Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұқсас орган бұрын да болған. Оппозициялық күштердің белсенділігінен кейін Қазақстан билігі 2002 жылы қарашада Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру мен дамыту жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес құрған еді. 2016 жылы жер митингілері күшейген тұста да қоғаммен келісімге келу мақсатында Жер комиссиясы құрылып, жұмыс істеген. Кейін бұл кеңестер тараған.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз