Саясат

Тоқаевқа жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, — деп хабарлайды Жас Алаш Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаевқа жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды

Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Еске салайық, 29 наурызда Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің жаңа құрамына маңызды тапсырмалар берген болатын. Тоқаевтың толық баяндамасын мына жерден оқуға болады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз