Саясат

Тоқаевты Путин күтіп алған жоқ

Бүгін Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Мәскеуге сапарлап барды.

Тоқаевты Путин күтіп алған жоқ

Бұл оның президент ретінде шетелге жасаған алғашқы сапары.

Сөйткен Тоқаевты әуежайда Ресей президенті Владимир ПУТИН, я болмаса үкімет жетекшісі Дмитрий МЕДВЕДЕВ те күтіп алмаған. Оны былай қойғанда, Н.Назарбаевтың өкілетін қабылдап алған Тоқаевтың алдынан ең болмаса Ресей сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВ та шықпады.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, «Внуково» әуежайында Тоқаевты бар болғаны Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр ПАНКИН және хаттама департаментінің басшысы Игорь БОГДАШЕВ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ қана күтіп алған.

Бүгін Қ.Тоқаев Ресей президенті В.Путинмен кездесуі тиіс. Ақорданың хабарлауынша, «екі президент кездесуде саяси, экономикалықжәне мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты серіктестік мәселелерін,сондай-ақ аумақтық және халықаралық өзекті тақырыптарды талқылайды».

Тоқаев сондай-ақ Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымыВалентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі. Соныменқатар ол белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатыспақ.

Фото: Ақорда

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз