Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:38, 26 Қыркүйек 2024

Төрт ел әйелдер құқығын бұзғаны үшін Ауғанстан билігін сотқа берді

а
Фото: Paula Bronstein / Getty Images
Германия, Австралия, Канада және Нидерланды Ауғанстандағы Талибан үкіметін гендерлік кемсітушілік үшін БҰҰ-ның халықаралық сотына берді. Бұл туралы The Guardian басылымы мәлімдеді.

«Талибан БҰҰ-ның халықаралық сотының заңдарын мойындамаса да, сот ісін жақтаушылар оның шешімі Талибанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұмтылатын басқа елдерге тосқауыл болады деп санайды. Халықаралық сотқа мүше елдер оның шешімдерін орындауға міндетті», - делінген хабарламада.

Осылайша, Гаагадағы БҰҰ-ның халықаралық соты тарихта алғаш рет гендерлік кемсітушілікке байланысты мемлекетаралық дауды қарау алаңына айналмақ.

Ауғанстанға халықаралық соттағы тыңдаулар басталғанға дейін жауап беруге алты ай уақыт беріледі. Сотқа бастамашы болған елдер әйелдерге қатысты кемсітушілікті тоқтату үшін Талибанмен келіссөздерге ашық. Бірақ келіссөздер нәтиже бермесе, елдер сот ісін жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әлемнің көптеген елдері сияқты БҰҰ-ның мүшесі және бұл автоматты түрде БҰҰ Халықаралық сотының жарғысына қатысуды білдіреді. Ақпан айында БАҚ Қазақстан тәліптерді лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарды, өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға болады деп жазды.