Төрт көзі түгел жиналды: Сайлау бастала ма?
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қабылдаған бүгінгі төрттік – Парламент Сенатының төрағасы Дариға НАЗАРБАЕВА, Премьер-Министр Асқар МАМИН, Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат МӘМИ, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир БОЖКО – қандай мәселе талқылады?
Ақорданыңсайтындажарияланған мәлімет бір-ақ ауыз сөзбен беріліпті: «Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатыстыөзекті мәселелер талқыланды». Бұл қандай өзекті мәселе?
Алдымен айта кетукерек, бұл Тоқаевтың президенттік постқа келгелі жасаған ең ірі қабылдауы.Осыған дейін министрлерді жеке-жеке қабылдап келсе, бұл жолы басқарутетігіндегі негізгі төрттіктің басын қосып шақырыпты. Демек, бұл басқосудажоғарыда айтылған «өзекті мәселелерден» де өзекті бір мәселе талқыланған болуы әбденмүмкін.
Тоқаев осыдан азуақыт бұрын ғана Ресейге іссапармен барып келгені белгілі. Ресейден кейін тағыда біраз елдерге сапарлап қайта ма деп күткенімізбен, уақытша президенттым-тырыс жатып алғандай көрінген. Сөйтсек, оны алда «өзекті мәселе» — үлкеннауқан күтіп тұрыпты.
Назарбаевпрезиденттік өкілеттігін тоқтатып, отставкаға кетіп, орнына «уақытша президент»ретінде спикер Тоқаев отыра салған кезде жұрттың көкейін түрткілеген алғашқысұрақ – «жылдам сайлау өте ме, жоқ па?» деген мәселе болған. Тұңғыш президенткебүкіл марапатты үйіп-төгіп бір күнде бере салғанда, Астананың атын Нұр-Сұлтандеп ауыстыра салғанда-ақ сарапшылар мен саясаттанушылар кезектен тыспрезиденттік сайлау өтуі мүмкін дегенді айта бастаған. Енді сол болжам расқаайналатын түрі бар.
Алдымен Ресейгебарып, Путиннің алдынан өтіп келді, енді бүгін билік тетігін ұстапотырғандардың төрт көзі түгел жинала қалыпты. Биліктің сүт бетіне шығарқаймақтары жиналған жиынның қорытындысы – алдағы президенттік сайлауға дайындықдесек, сайлаудың өзі туралы мәлімдеме осы аптаның ішінде-ақ ресми түрде жасалуымүмкін.
Ал, президенттіккекімдер үміткер болады деген мәселе сол кезде белгілі болады.
Фото: akorda.kz