Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:26, 08 Ақпан 2024

«Той-томалаққа баруын тоқтатпады»: Мақсұмның менеджері файтердің жеңілуінің себебін айтты

жеңіліс
Фото:

Өткен аптада қазақстандық файтер Лас-Вегаста өткен UFC кешінде америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды. Азат Мақсұмның бапкері шәкіртінің UFC-де жеңілуінің басты себебін айтып,  спортшының достарын кінәлады, деп жазды Zhasalash.kz.

Қазақстандағы OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов UFC лигасына алғаш қадам басқан файтер Азат Мақсұмның жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, спортшының әлсіз тұсын атап өтті. 

«Оның жеңілуінің басты себебі – кәсіби спортшы режимінің бұзылуы. Бұған оның жанында жүрген достары себеп болды. Ең жақын адамдары: туғандары мен жеке бапкері және мен Азатқа бірнеше рет ескерту жасап, той-томалаққа, қажетсіз жиындар мен отырыстарға баруды тоқтату керектігін айттық. Өкінішке қарай, ол тоқтатпады. Бұл оның жаттығуының сапасына, диетаның бұзылуына, артық салмақтың пайда болуына алып келді. Салдарының қандай болғанын көрдіңіздер. Ал, оның жаңағы достары әлі жанында жүр», - деді Садықов.

Оның сөзінше, Азат «жоқ» деп айта алмайтын адамдардың қатарынан. Жақын адамдарды ренжітіп алмау үшін шақырған жерден қалмайды. «Ал, енді нәтиже керек болса жоқ деп айтуды үйрену керек», - деп қорытындылады ол сөзін.