Трамп бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Нью-Йорк сотының қазылар алқасы Дональд Трампты іскерлік жазбаларды бұрмалағаны үшін айыпты деп таныды. Саясаткер барлығы 34 бап бойынша кінәлі деп танылған.
Әрбір айып үшін Трамп төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жазаны 11 шілдеде өтетін арнайы сот отырысында судья Хуан Мерчан анықтайды. Тіпті Трамп түрмеге жабылса да, оның президенттік сайлауға қатысу құқығы бар.
Айыптау қорытындысы Трамптың 2016 жылы адвокат Майкл Коэнге төлеген төлемдеріне негізделген. Аударымдар заңды төлемдер ретінде қарастырылған, бірақ іс жүзінде Коэннің порно актриса Сторми Дэниэлске (шын аты Стефани Клиффорд) төлеген ақшасы жасырылған, деп жазады Meduza.
Сот процесінде айыптаушы тараптың 20 куәгері арасында Коэн мен Дэниэлс, сондай-ақ Trump Organization есепшілері мен Республикалық партияның өкілі Хоуп Хикс болды. Трамп бұл процесті саяси және аударымдарды өңдеуді қарапайым есеп қатесі деп атады.
Айта кетейік, 2018 жылы The Wall Street Journal (WSJ) Трамптың 2006 жылы порножұлдыз Сторми Дэниэлспен қарым-қатынаста болғаны және кейін оған үндемеу үшін 130 мың доллар төлегені туралы тергеу жариялады. Ірі транш Дэниэлстің шотына 2016 жылдың 27 қазанында аударылған, содан кейін ол Трамптың жеке адвокаты Майкл Коэнмен құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойғаны айтылған.
© AP Photo / LM Otero