Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:28, 08 Ақпан 2024

Трамп Байденді жеңу үшін - Путиннің жеңісіне жол ашады

Трамп
Фото:

Биыл АҚШ-та президент сайлауы. Ел ішінде сайлауалды талас-тартыс басталып, қазірдің өзінде саясатқа тікелей әсер етіп жатыр. Республикандықтар атынан Дональд Трамп, демократтардан Байден додаға түседі. Бұл додада жеңіске жету үшін кандидаттарды4 қандай айлы-шарғыға баратыны ешкімге белгісіз. Бірақ Ұлыбританияның журналисі Гидеон Рахман өзінің болжамын жасады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

АҚШ-та Дональд Трамп Украинаға көмек беру және шекараны реттеу, Израиль мен өзге одақтастарды қаржыландыру туралы ұсылған заң жобасын қолдамауға шақырды. Конгресстегі талас-тартыс салдарынан Киевке арналған қарудың келіп жетуі қиынға соғуда, ал республикандықтар құжатты қолдауға дайын еместігін ашық айтуда.

Гидеон Рахманның айтуынша, мұндай саяси әрекеттің салдары апатқа әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде Украина артиллериялық снаряд тапшылығын көруде және шабуылды ұмытып, тек қорғанысқа көшкен. 2023 жылы Украина әскері артиллериялық снаряд тұрғысынан Ресейден үш есе басымдыққа ие болса, қазір Ресей Украинадан 5 есе көп снаряд басымдығына ие. Күн сайын украин сарбаздары 2500-ге жуық снаряд қолданса, Ресей 9-10 мыңға жуық снаряд атуда. Ресейдегі снаряд тапшылығын Солтүстік Корея мен Иран толық қанағаттандыра алды дейді журналист.

«Трамп пен оның партиядағы жақтастарын бұл мәселе еш алаңдатпайтын сияқты. Тіпті олар Байденді жеңу үшін Путиннің Украинада жеңіске қол жеткізуіне де қарсы еместей. Бұл саясаттың соңы Ресейді күшейтіп, Мәскеудің посткеңестік кеңістіктегі ықпалын арттыра түсері анық», - дейді Рахман.

Трамп пен Байденнің саяси додасы жалғасуда. Бүгін АҚШ-тың Өкілдер палатасында Израильге 17,6 млрд доллар көмек көрсету заңына дауыс беру процесі болып, заң қабылданбады. Көмек пакетін мақұлдауға тиісті дауыс жетпеді. Заңды қабылдауға демократтардың кедергісі себепкер болды. Демократтар Израильді қолдау пакетіне Украинаны қолдау да міндетті түрде қосылуы тиіс деп санайды.