Саясат

Трамп Иран билігін «екіжүзділік» үшін сынға алды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жалғасып жатқанын мәлімдеді.

трамп

 Оның айтуынша, Тегеран мұны көпшілік алдында жоққа шығарғанымен, келіссөз жүргізуге өзі бастамашы болып отыр.

Трамптың сөзінше, Иран басшылығы кездесу өткізуді сұрап, тіпті «өтініп жатқанымен», ресми түрде ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ деп мәлімдейді және тек Оманмен ғана байланыс бар екенін алға тартады.

Сонымен қатар Трамп Иранның Ормуз бұғазын бақылауда ұстап отырмыз деген мәлімдемесін «бос сөз» деп атап, шын мәнінде бұғазды АҚШ бақылап отырғанын айтты.

Сондай-ақ ол Иранмен келісім жасалмайынша немесе толық берілуге келіспейінше, АҚШ Тегеранға ештеңенің жетуіне жол бермейтінін мәлімдеді.

«Барлығы өте қарапайым. Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмайды», - деді Трамп.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз