Саясат

Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экономикалық қысым науқаны басталғанын мәлімдеді.

Трамп

 Ол Тегеранды қолдайтын немесе Иранмен сауда жасайтын кез келген елге «орасан зор» санкциялар салынатынын ескертті.

«Бүгін мен қандай да бір мемлекетке қарсы бұрын-соңды жүргізілген ең жойқын экономикалық операцияның басталғанын жариялаймын. Бұл бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экономикалық соғыс пен оқшаулау болады», – деп жазды Трамп 20 тамызда Truth Social әлеуметтік желісінде.

АҚШ президенті Иранды қолдайтын немесе онымен бизнес жүргізетін мемлекеттердің барлығына қатаң санкциялар салынатынын айтты.

«Иран тарапынан төнген қатерді оқшаулап, жеңу үшін бізге барлық одақтасымыздың қолдауы қажет», – деді Трамп.

АҚШ-тың «Экономикалық қаһар» операциясы

Бұған дейін АҚШ Иранның мұнай, кеме қатынасы және қаржы секторларына ауқымды санкциялар енгізген. Вашингтонның негізгі мақсаты – Тегеранның энергетикалық ресурстар экспортынан түсетін кірісін шектеу.

Трамптың соңғы мәлімдемесі сәуір айының басында АҚШ жариялаған «Экономикалық қаһар» (Economic Fury) операциясы аясындағы қысымды күшейту науқанының жалғасы болуы мүмкін.

18 тамызда Біріккен Араб Әмірліктері де Иранмен барлық сауда-саттықты, коммерциялық алмасуды және қаржылық операцияларды келесі хабарламаға дейін тоқтататынын мәлімдеген.

БАӘ билігі Тегеранды ел аумағына қарай екі зымыран ұшырды деп айыптады. Әмірліктердің мәлімдеуінше, шабуылдың нысанасы теңіздегі кеме қатынасы болған.

Иран бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз