Трамп Иранға қарсы жаңа әскери операция жүргізілуі мүмкін екенін айтты
Трамп Иранға қарсы жаңа әскери операция жүргізілуі мүмкін екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы тағы бір әскери операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы ол 23 қазанда Флорида штатындағы сайлауалды митингіде мәлімдеді.
"Біз тағы бір шағын "Эпикалық қаһар" операциясын жүргізуіміз мүмкін. Немесе олар келісімге келеді", – деді Трамп.
"Эпикалық қаһар" (Epic Fury) – АҚШ пен Израильдің 2026 жылғы 28 ақпанда Иранға қарсы бастаған әскери операциясының атауы.
Трамп Тегеран билігін Вашингтонмен келісімге келуге шақырды. Алайда жаңа әскери операцияның қашан және қандай жағдайда басталуы мүмкін екенін нақтыламады.
Бұған дейін АҚШ президенті 3 қарашада өтетін Конгресс сайлауына дейін Иранға жаңа соққы жасалмайтынын мәлімдеген еді.
Ал Иран билігі АҚШ пен Израиль шабуылдарды қайта бастаса, қатаң жауап беретінін ескертті.