Без Категории

Тротил өндіретін ресейлік зауыттағы жарылыс: зардап шеккендер саны 85-ке жетті

Ресейдің Нижегород облысындағы Дзержинскі қаласында тротил өндіретін цехта болған жарылыстан кейін 85 адам медициналық көмекке жүгінді.

Тротил өндіретін ресейлік зауыттағы жарылыс: зардап шеккендер саны 85-ке жетті

Бұл ақпаратты Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

"Жалпы 85 адам медициналық көмекке жүгінді: 39 зауыт жұмысшысы және 46 қала тұрғыны. 1 маусым түнгі сағат 22:15-тегі жағдай бойынша 16 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың біреуінің жағдайы ауыр, 15-інің жағдайы орташа. 69 науқасқа амбулаторлық көмек көрсетілді" делінген хабарламада.

Бұған дейін 42 адамның зардап шеккені айтылған еді.

1 маусымда Дзержинскідегі "Кристалл" мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтына қарасты тротил өндіретін цехта жарылыс болған. Шұғыл штаб мамандарының сөзіне сүйенген ресейлік ақпарат агенттіктері 1 маусымда жарылыс салдарынан ауаға көп мөлшерде зиянды заттар тарамағанын хабарлаған. Ресми ақпарат бойынша, жарылысқа жарылғыш зат шығаратын зауытта "технология процесінің сақталмауы" себеп болған.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз