Руханият

Тұңғыш қазақ антропологы Оразақ Смағұл 96 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Қазақ ғылымы ауыр қазаға ұшырады. 96 жасқа қараған шағында белгілі ғалым, тұңғыш қазақ антропологы Оразақ Смағұлұлы өмірден өтті.

Оразақ Смағұл

Оразақ Смағұлұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. Ол саналы ғұмырын қазақ халқының антропологиялық тарихын зерттеуге, ұлттық антропология ғылымының қалыптасуы мен дамуына арнады.

Ғалым ұзақ жылдар бойы қазақ халқының шығу тегі, қалыптасу тарихы мен этникалық ерекшеліктерін антропологиялық тұрғыдан зерттеді. Оның ғылыми еңбектері қазақ халқының тарихи тамырын, биологиялық және антропологиялық ерекшеліктерін тануға зор үлес қосты.

Оразақ Смағұл – Қазақстандағы кәсіби антропология ғылымының негізін қалаған ғалымдардың бірі. Ол отандық ғылымда өзіндік мектеп қалыптастырып, бірнеше буын зерттеушіге жол көрсетті.

Ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасы қазақ ғылымының тарихында айрықша орын алады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз