Әлеумет

Түркістан облысында 20 жастағы жігітті өлтірген 9-сынып оқушысы 8 жылға сотталды

Түркістан облысында 20 жастағы жігітті өлтірген 9-сынып оқушысы 8 жылға сотталды

сот

Түркістан облысында 20 жастағы жігітті қасақана өлтірді деп айыпталған 9-сынып оқушысы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, мектеп оқушысы қылмысқа алдын ала дайындалып, жігітті пышақтаған, кейін оның денесін өртеген.

 Қылмыс 2026 жылдың мамыр айында Леңгір қаласында болған. Жас жігіттің мәйіті қараусыз қалған ғимараттан табылған. Көп ұзамай полиция кісі өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысын ұстаған.

Сот барысында анықталғандай, қыз қылмысқа алдын ала дайындалған. Ол кездесуден бір күн бұрын пышақ сатып алып, 20 жастағы жігітті қараусыз қалған ғимаратқа шақырған. Сол жерде оның кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дәурен Мадалиевтің айтуынша, шабуылдан кейін оқушы жәбірленушіні оқиға орнында қалдырып кеткен. Кейін сіріңке мен еріткіш сатып алып, қайта оралып, жігіттің денесін өртеген.

Сот отырысында айыпталушы қыз жігіттің өзін зорламақ болғанын мәлімдеген. Алайда сот тергеуі барысында бұл уәждер расталмаған.

Нәтижесінде сот 9-сынып оқушысын қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкіміне сәйкес, ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз