Аймақ

Түркістан: құқықтық ақпарат қолжетімдігі артты

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасымен ақпараттық жүйелердің қолжетімділігі жөнінде Түркістан облысы әкім аппаратының «Ситуациялық орталығында» презентация өткізілді.

Түркістан: құқықтық ақпарат қолжетімдігі артты

Оған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев және жергілікті атқару органдарының басшылары қатысты.

Таныстыру барысында «Qamqor.gov.kz» сілтемесі арқылы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі, тексерулердің субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, е-Өтініш және т.б. ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері көрсетілді.

Әрбір жергілікті атқару органдарының қызметкерлері Комитеттің ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы күнделікті жұмыс бабында қажетті құқықтық ақпаратармен танысуға болатындығы түсіндірілді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз