Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:49, 24 Қараша 2021

Түркістанда ревакцинация басталды

None
None

Түркістан облысында қайта екпе егу науқаны басталды. Вакцинаны қайта егу ең алдымен мұғалімдерге, дәрігерлерге, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне және 60 жастан асқан адамдарға жүргізіледі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

«Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, онымен күресу қабілетіне ие болады. Алайда, уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек. Вакцина алу — ауру ағымының жеңіл өтуіне ықпал етіп, өлім санын азайтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ревакцинацияны кем дегенде жарты жылдан соң салдыру керектігін мәлімдеді», – деді Нұрбек Садықбекұлы.

Елімізде 15-қарашадан бастап жеткіншектерді, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерді де вакциналау жұмыстары басталды. Түркістан облысына ақпан айынан бастап жалпы 1 031 870 доза вакцина жеткізілді. Оның 46 800-і «Pfizer» екпесі. Қазіргі таңда, 9 886 тұрғын осы екпені қабылдаған.

Өз кезегінде өңіріміздің бас дәрігері Марат Пашимов соңғы тәулікте облыста 3 адам КВИ аурушаңдығымен тіркелгенін айтты. Айтуынша, бүгінге дейін 1 021 660 адам екпенің 1-компонентін қабылдаса, 959 202 азамат 2-компонентін салдырған. Айта кетейік, облыста пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетін жұқтырған 15 606 жағдай тіркелген. Оның 15317-сі жазылып шыққан

Тегтер: